Билли Джин Кинг командалық әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

11.10.2022    Оқылғаны: 602
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Шотландияның Глазго қаласында өтетін командалар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі – Билли Джин Кинг кубогына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының теннисшілерінің есімдері белгілі болды.

Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы келесі ойыншыларды таңдады: Елена Рыбакина (26-шы WTA), Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 47-ші), Анна Данилина (WTA жұптық сайыс бойынша рейтингте 21-ші) және Жібек Құламбаева (WTA жұптық сайыс бойынша 189-шы орында).

Қазақстан құрамасы С тобына түсті. 8 қарашада еліміздің ең мықты деген теннисші қыздары корт қожайындары Ұлыбританиямен, ал 9-қарашада Испаниямен ойнайды. Матчтар «Emirates Arena» спорт кешенінің жабық кортында өтеді.

Айта кетейік, 12 команда: Ұлыбритания, Қазақстан, Аустралия, Бельгия, Канада, Чехия, Италия, Польша, Испания, Словакия, Швейцария, АҚШ құрамалары төрт топқа бөлініп, әр топтың жеңімпаздары жартылай финалға жолдама алады. Әлем чемпионатының финалы  13 қараша күні өтеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер