
Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық, әлемнің 209-ракеткасы Тимофей Скатов Парма 2 (Италия) челленджер турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 156-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен бас жүлдені сарапқа салды. Скатов 7:5, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Тимофей өзінің теннистік мансабында жекелей сында алғашы Челленджер санатындағы чемпинодық атағына қол жеткізді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі