Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды

09.10.2022    Оқылғаны: 230
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Әлемнің 7-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды. 
 

«Үлкен дулыға» жарысының 21 дүркін жеңімпазы Н.Джокович финалда әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті. Сербиялық спортшы 6:3, 6:4 есебімен ұтып, өзінің үздік теннисші екендігін тағы бір дәлелдеді. Осылайша, биыл елордада алғаш рет ATP 500 деңгейінде өткен айтулы дода мәреге жетті.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер