Елена Рыбакина Чехиядағы турнирдің финалына өте алмады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің финалына өте алмады.
Рыбакина жартылай финалда әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен финалдың жолдамасын сарапқа салды.
Қазақстандық теннисші матчты сәтті бастап, бірінші партияны сенімді ұтты – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте Крейчикованың жолы болды – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда чехиялық спортшы таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.
Осы жарыста қазақстандық Анна Данилина да жұптық сында финалға шыға алмады. Ол бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда поляк теннисшісі Алисия Росольска – жаңазеландиялық Эрин Рутлифке жол берді – 4:6, 2:6.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі