Елена Рыбакина Чехиядағы ірі жарыстың жартылай финалына шықты

07.10.2022    Оқылғаны: 909
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. 
 

Рыбакина ширек финалда әлемнің 20-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасты. Петра Квитова – 201 және 2014 жылы  Уимблдонда үздік шығып, дүниежүзілік рейтингте 2-орынға дейін көтерілген тәжірибелі теннисші. Ал Рыбакинаның биыл Уимблдон жарысында топ жарғаны белгілі.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте сәттірек ойнады – 7:6 (7:5). Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена брейк жасап, сосын өз геймін де алды – 5:3. Содан кейін бірінші матчболын құр жіберген жоқ – 6:4.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, тағы бір чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер