
Astana Open ATP 500 турнирі: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 10-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен ойнады.
Бірінші партия басында Х.Хуркач брейкпен алға кетті. Содан кейін басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте де Хуберт брейкпен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Хуркач жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен таласады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























