Новак Джокович: «Мен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа осындай турнирді ұйымдастырғаны үшін барлық ойыншылардың атынан алғыс айтамын»
«Үлкен дулыға» турнирлерінің 21 дүркін чемпионы серб Новак Джокович Қазақстанға деген көзқарасы және Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовпен достығы туралы айтып берді.
«Турнир өте мықты құрамды жинады мен ойыншылар тізімін көргенде таң қалдым, өйткені мұндай құрам әдетте «Мастерс» немесе «Үлкен дулыға» секілді ірі жарыстарда жиналады. Мен басқа ойыншылармен сөйлестім және бірінің пікірі бір - жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мен Қазақстанда соңғы рет 2019 жылы Рафа екеуміз Астанада жолдастық матчын өткізген кезде болдым. Бір күнде біз Астананың көрікті жерлерін көре алмадық, бірақ мен қазір ATP 500 Astana Open турнирінде ойнап жатырмын және менде бір апта уақыт бар, әрине, қаланы аралауға уақытым бар. Бүгін таңертең саябақта серуендеп үлгердім, ауа-райы керемет болды, мен жергілікті адамдарды ерекше атап өткім келеді, олар өте сүйкімді және мейірімді, мен олардың қолдауы мен энергиясын сездім.
Болат Өтемұратовты досым деп есептеймін. Ол Қазақстанда теннисті дамыту үшін қолдан келгенін бәрін жасап жатыр. Халықаралық теннис федерациясында үлкен мәртебеге ие. Ол барлық ойыншыларды құрметтейді. Теннисті осылай жан тәнімен қолдайтын адам бар болғаны керемет. Мен сондай-ақ оның қорына қарасты аутизмі бар балалар орталығының біріне бардым. Мен үшін бұл керемет. Барлық ойыншылардың атынан осындай турнир ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын! Ол кісі тек спортты ғана емес және әлеуметі аз қамтылған барлық азаматтарды қолдайды, бұл керемет жәйт»,- деді Джокович баспасөз мәслихатында.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі