Астанада Александр Недовесов әлемнің 69-ракеткасын жеңді

01.10.2022    Оқылғаны: 858
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Елордада Astana Open ATP 500 турнирінің іріктеу сайыстары өтіп жатыр. Қазақстанның жұптық сындағы екінші ракеткасы Александр Недовесов күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Жекелей сында жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Недовесов алғашқы кездесуінде әлемнің 69-ракеткасы, колумбиялық Даниэль Галанды 5:7, 7:6 (7:0), 6:2 есебімен ұтты. Бірінші партияда Александр 4:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылығын сақтай алмады. Екінші сетте тай-брейкте 7:0 есебімен жеңсе, соңғы, шешуші партияны сәтті өткізді.

Тартысты матч екі сағат жарымға жуық уақытқа созылды.

Недовесов іріктеу сайыстарының финалында түркиялық Жем Илькел немесе қытайлық Чжичжень Чжанның біреуімен негізгі турнирге берілетін жолдаманы сарапқа салады. Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев әлемнің 65-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенге есе жіберді – 1:6, 4:6.

Арысланбек Айтқұлов ресейлік Павел Котовтан ойсырай ұтылды – 0:6, 0:6. Ал Григорий Ломакин түркиялық Алтуг Челикбелектен айласын асыра алмады – 3:6, 3:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер