Astana Open ATP 500 турнирі: іріктеу сайыстарында төрт қазақстандық бақ сынайды

01.10.2022    Оқылғаны: 817
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Astana Open ATP 500 турнирі іріктеу сайыстарының жеребесі тартылды. 

Іріктеу сайыстарына ұйымдастырушылардан төрт қазақстандық Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Александр Недовесов және Арысланбек Айтқұлов арнайы шақырту алды.

Евсеев әлемнің 65-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенмен ойнайды. Александр Недовесов колумбиялық Даниель Галанмен, Григорий Ломакин түркиялық Алтуг Челикбилекпен, Арысланбек Айтқұлов ресейлік Павел Котовтан өтуге тырысып көреді.

Сондай-ақ өзбекстандық Денис Истомин мен сербиялық Ласло Джере, Қытай теннисінің жас жұлдызы Чжичжень Чжан мен түркиялық Жем Илкель өзара бәсекеге түседі. Іріктеу сайыстарында Хамад Маджедович – Лука Нарди, Александр Шевченко – Карлос Гомес кортқа шығады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер