Голубев/Недовесов Болгариядағы жарыстың ширек финалына шықты

28.09.2022    Оқылғаны: 949
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында София (Болгария) ATP 250 жарысының ширек финалына шықты.
 

Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін нидерландылық Робин Хасе – аустриялық Филипп Освальдпен өткізді. Голубев пен Недовесов қарсыластарын 6:3, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді. Олар сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Қазақстандық жұп жартылай финал жолдамасын жарыстың 4-ракеткалары, монаколық Хьюго Нис – поляк Ян Зелински немесе америкалық Хунтер Рис – Польшаның тағы бір өкілі Шимон Валков жұптарының қай жеңгенімен сарапқа салады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер