Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

26.09.2022    Оқылғаны: 1067
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте Сонего сәтті ойнады - 7:6 (7:3). Екінші сетте италиялық спортшы айқын басымдылық көрсетті - 6:2.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Александр 7 жас жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады. Бұл Бубликтің ATP жарыстарындағы жетінші финалы еді. Ол биыл жыл басында Монпелье додасында топ жарды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер