Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті. Бірінші партияда Бублик 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы дегеніне жетті – 6:4.
Александр финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 284-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі