Александр Бублик Франциядағы турнирді жеңіспен бастады

21.09.2022    Оқылғаны: 995
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

 Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 208-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған франциялық Эван Фернеспен өткізді. 

Бірінші партияда франциялық спортшы 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде Бублик есе қайырды - 6:4.

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:5).

Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 51-ракеткасы, финляндиялық Эмил Руусувуоримен шеберлік байқасады.

Бублик жұптық сында да сәтті өнер көрсетуде. Ол италиялық Лоренцо Музеттимен бірге нидерландылық Робин Хасе - аустриялық Филипп Освальдты 7:6 (8:6), 6:3 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Қазақстандық-италиялық жартылай финалға шығу доданың 3-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю - Эдуар Роже-Вассленмен таласады.

Өкінішке орай, Елена Рыбакинаның Токио турнирінің бәрінші айналымында ресейлік Людмила Самсоноваға 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер