
Елена Рыбакина Словениядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің финалына шықтыі.
Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 65-орында тұрған румыниялық Ана Богданмен кездесті.
Рыбакина қарсыласын айқын басымдықпен ұтты – 6:1, 6:1.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 82-ракеткасы, чехиялық Катержина Синяковамен бас жүлдені сарапқа салады
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























