
Бейбіт Жукаев Ыстанбұл турнирінде табысты өнер көрсетті
Дүниежүзілік рейтингте 357-сатыда тұрған Б.Жукаев ширек финалда әлемнің 108-ракеткасы, молдовалық Раду Алботты жеңіп кете жаздады.
Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші қатты қарсылық көрсетіп, 2:6, 6:4, 6:7 (4:7) есебімен жол берді. Ақтау теннис мектебінің түлегі 19 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Ыстанбұл жарысының ширек финалына шығуы нәтижесінде Б.Жукаев алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік 323-орынға көтеріледі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























