Қазақстандық жасөспірімдер теннистен Азия біріншілігінің финалына шықты

16.09.2022    Оқылғаны: 1061
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық жасөспірімдер елордадағы «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында Азия командалық біріншілігінің финалына шықты.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 17 қыркүйек күні Азия чемпионатының финалында қазақстандық ұлдар мен қыздар Таиланд құрамасымен бас жүлдені сарапқа салады.

Соңғы ойында ұлдар Гонконг, қыздар Малайзия командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

«Біздің финалдағы қарсыласымыз мықты. Соған қарамастан, жеңіс тұғырына көтерілу үшін бар күшімізді саламыз», деді қыздар құрамасының мүшесі Линара Бөлешева.

Роберт Каминский де ел намысын қорғау үлкен абырой екендігін айтып, жарысқа дайындаған бапкерлер мен команда капитанына алғысын жеткізді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер