Елена Рыбакина Словениядағы жарыстың жартылай финалына шықты

16.09.2022    Оқылғаны: 722
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 92-орында тұрған украиналық Леся Цуренкомен кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы матчқа шыққан жоқ.

Елена Рыбакина доданың финалына шығу үшін әлемнің 18-інші, жарыстың 2-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майя немесе рейтингте 65-сатыдағы румыниялық Ана Богданның біреуімен таласады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер