Бейбіт Жукаев Ыстанбұл турнирінің ширек финалына шықты

14.09.2022    Оқылғаны: 603
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Ыстанбұл челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Дүниежүзілік рейтингте 357-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 234-інші, осы жарыстың 8-ракеткасы, испаниялық Николас Альварес Варонамен шеберлік байқасты. Жукаев 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Ақтау теннис мектебінің түлегі 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйспен ғана көзге түсті.

Бейбіт жартылай финалға шығу үшін әлемнің 108-інші, доданың 2-ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен кезедеседі. 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер