Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерланды командасымен кездеседі

13.09.2022    Оқылғаны: 217
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Бүгін Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесі басталып, Қазақстан құрамасы Нидерландымен кездеседі.

D тобында аталған екі командадан басқа АҚШ және Ұлыбритания құрамалары өнер көрсетеді. Плей-офф кезеңіне үздік екі команда жолдама алады.

Қазақстан – Нидерланды матчында алғашқы болып командалардың екінші ракеткалары Михаил Кукушкин (221 АТР) мен Таллон Грикспур (48 АТР) кортқа шығады. Бұл екеуі бұрын өзара ойнамаған.

Содан кейін қос құраманың үздіктері Александр Бублик (44 АТР) пен Ботик ван де Зандсхулпқа (35 АТР) кезек келеді. Олар да бір-бірімен кортта кездеспеген.

Үшінші ойында, өзгеріс болмаса, Андрей Голубев – Александр Недовесов жұбы Матве Мидделкоп – Уэсли Колхофпен шеберлік байқасуы керек.

Матч елорда уақытымен сағат 21.00-де басталады. Алғашқы екі кездесуді Qazsport телеарнасының сайтынан көруге болады. Үшіншісі тікелей эфирден көрсетіледі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер