Бейбіт Жукаев ҚР Президенті кубогының 3 дүркін чемпионын ұтты

06.09.2022    Оқылғаны: 898
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 турнирін жеңіспен бастады.

Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Жукаев алғашқы айналымда әлемнің 331-ракеткасы, Қазақстан Президенті кубогының үш дүркін чемпионы, ресейлік Евгений Донскоймен кездесті.

Қазақстандық теннисші тартысты матчта 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Екі сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Жукаев 7 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ақтау теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін әлемнің 242-інші, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Есукэ Ватанукимен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 250-ракеткасы Тимофей Скатов Севилья (Испания) челленджер додасының екінші айналымына шықты. Ол бастапқы кездесуінде әлемнің 208-ракеткасы, италиялық Рауль Бранкаччионы 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Скатов дүниежүзілік рейтингте 408-сатыда тұрған испаниялық Хавьер Косано Барранкомен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер