US Open: Қазақстандық қос жасөспірім іріктеу жарысының финалына шықты

03.09.2022    Оқылғаны: 1081
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандықтар Сандуғаш Кенжебаева мен Аружан Сағындықова жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шықты.

Іріктеу сайысының 4-ракеткасы болып тіркелген С.Кенжебаева нидерландтық Мари Нейкампты тізе бүктірді. 

Бірінші партияда Сандуғаш 1:4 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіре білді. Сосын тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6). 

Екінші сетте 5:0 есебімен алға кетіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.

Кенжебаева іріктеу сайыстарының финалында Польша өкілі Вероника Эвалдпен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы Аружан Сағындықова жапониялық Харука Хасегавамен кездесті. Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:3.

 

Супер тай-брейкте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 10:7. 

Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында америкалық Джульетта Парехамен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер