АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилина екінші айналымға шықты

02.09.2022    Оқылғаны: 911
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Данилина бразилиялық Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда сербиялық Александра Крунич – Польша өкілі Магда Линетпен ойнады. Қазақстандық-бразилиялық дуэт 6:2, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя екінші айналымда испаниялық Алена Большова – норвегиялық Ульрикке Эйкеримен сынға түседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер