Денис Евсеев Таиланд турнирін жеңіспен бастады

23.08.2022    Оқылғаны: 879
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық Денис Евсеев Таиланд челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Денис ATP Challenger Tour жарысында бастапқы кездесуін тайбэйлік Сюй Юямен өткізді.

Бірінші партия барысында үшінші геймде Денис брейк жасап, 2:1 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Сюй матчты жалғастырудан бас тартты.

Евсеев екінші айналымда франциялық Кириан Жакемен кортқа шығады. Ол таиландтық Касидит Самрейді тізе бүктірді – 6:2, 4:6, 6:4.

Таиландтағы осы додада тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев алғашқы айналымда үш сетте аустралиялық Омар Ясикаға жол берді – 6:4, 3:6, 3:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер