
Айша Ахметбекова Рафаэль Надаль академиясы турнирінің финалисі атанды
Қазақстандық 6 жасар теннисші Айша Ахметбекова Рафаэль Надаль академиясы турнирінің финалисі атанды.
Испанияның Манакор қаласында 10 жасқа дейінгілер арасында Summer Camp Tournament халықаралық турнирі мәресіне жетті.
Дәстүрлі жарыста 2015-2016 жылғылар арасында Айша Ахметбекова финалға дейін жетті. Титулдық матчта ол тай-брейкте ғана испаниялық Мухит Стримаға есе жіберді – 6:7.
Надаль академиясы атақты ойыншының туған қаласы - Манакорда орын тепкен. Онда тәрбиеленушілер кәсіби спортпен айналысумен қатар дәстүрлі білім алады. Академияның Надаль мен оның командасының көп жылдық тәжірибесіне негізделген өзіндік оқыту жүйесі бар.
Астанада Ұлттық теннис орталығында жаттығатын Айша осы академияға барып, шеберлігін ұштап тұрады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























