Дэвис кубогінде Қазақстанмен ойнайтын командалардың құрамы анықталды

17.08.2022    Оқылғаны: 1073
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Davis Cup Finals жарысын ұйымдастырушылар Глазго (Шотландия) қаласында 13-18 қыркүйекте D тобында ойнайтын командалардың құрамын жария етті.

Бұл топта Ұлыбритания, Қазақстан, Нидерланды және АҚШ құрамалары сынға түседі.

Осы елдердің намысын мына ойыншылар қорғайды:

Ұлыбритания: Кэмерон Норри, Даниэль Эванс, Энди Маррей, Джо Солсбери.

Қазақстан: Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев, Александр Недовесов.

Нидерланд: Ботик ван де Зандсхулп, Таллон Грикспор, Тим ван Рейтховен, Весли Колхов, Матве Мидделкоп.

АҚШ: Тейлор Фритц, Фрэнсис Тиафо, Томми Пол, Джек Сок, Раджив Рам.

Қазақстан құрамасы 13 қыркүйекте Нидерланд теннисшілерімен кездеседі. Матч елорда уақытымен сағат 21:00-де басталады. 15 қыркүйекте АҚШ-пен ойнайды. Басталуы – сағат 21:00. 18 қыркүйекте Ұлыбританиямен кортқа сағат 19:00-де шығады.

Дэвис кубогінің топтық кезеңі алғаш рет төрт қалада өтеді. Әр топтан екі үздік команда ширек финалға жолдама алады.

Плей-офф бәсекелері 23-27 қарашада Испанияның Малага қаласында өтеді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер