
Қазақстандық жасөспірімдер әлемдік рейтингіде жеке рекордтарына қол жеткізді
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті.
Қазақстандық жас теннисшілер алдыңғы аптамен салыстырғанда, едәуір жоғары көтерілді.
Максим Батютенко бірден 16 сатыны артқа тастап, 59-орынға жайғасты. Душанбеде абсолютті жеңімпаз атанған Виталий Зацепин 588-ден 498-ге жоғарылады.
Қыздар арасында Аружан Сағындықова алғаш рет үздік 60 теннисшінің қатарына кірді, қазір ол 51-сатыда. Сондай-ақ, көрсеткіштерін жақсартқан Сандуғаш Кенжебаева 65-ші (+24), Жанель Рүстемова 128-ші (+9), Еркежан Арыстанбекова 179-орында (+26) келеді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
04.12.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
30.11.2023
ҚТФ баспасөз қызметі