
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирін сәтті бастады. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған мысырлық Маяр Шерифпен шеберлік байқасты. Елена 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі 9-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі мәрте жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























