
Григорий Ломакин Грузиядағы жарыста үздік шықты
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Тбилисиде (Грузия) ITF жарысында үздік шықты.
Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Ломакин мен Беларусь өкілі Иван Лютаревич барлық бәсекелерін жеңіспен аяқтады. Ломакин мен Лютаревич финалда белоруссиялықтар Эрик Арутюнян - Даниил Остапенковпен кездесті. Қазақстандық-белоруссиялық жұп үш сетке созылған тартысты матчта 3:6, 7:6 (7:4), 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Григорий өзінің спорттық жолында жұптық сында ITF додаларындағы 16-шы, биылғы екінші титулына қол жеткізді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























