
Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта қосылды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кірді. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде Елена Рыбакина 27-ден 25-орынға көтерілді. Торонто турнирінің ширек финалына дейін жеткен Юлия Путинцева 46-дан бірден 38-ге жоғарылады. Зарина Дияс 244-тен 241-ге, Гөзал Айнитдинова 587-ден 584-орынға шықты.
Жұптық сында Анна Данилина 21-орнында қалса, Жібек Құламбаева 258-сатыда.
Ерлер арасында Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 41-ден 42-ге, Дмитрий Попко 189-дан 219-ға төмендеді. Есесіне Михаил Кукушкин 222-ден 213-ке жайғасып, қайтадан Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.
Жұптық сында Андрей Голубев 44-тен 47-ге сырғыса, Александр Недовесов 57-ден 54-ке көтерілді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.