Юлия Путинцева Торонто турнирінің жартылай финалына шыға алмады

13.08.2022    Оқылғаны: 1001
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонто (Канада) WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 7-ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасты. Қарсыластар бұған дейін кортта өзара кездеспеген еді. Пегула 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Путинцева жұптық сында да жартылай финалға өте алмады. Ол америкалық София Кенинмен бірге ширек финалда америкалық Мэдисон Киз – үндістандық Саня Мирзаға жол берді – 5:7, 6:3, 6:10.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер