ATP 500 Astana Open турниріне билеттер сатылымы бастады

12.08.2022    Оқылғаны: 196
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Жарыс ағымдағы жылдың 1-9 қазан аралығында елорданың Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өтеді. Ойындар күндізгі және кешкі сессияларға бөлінеді.
 
Билеттердің бірнеше санаты сатылымға шығады:
 
- General public-үш баға сегментінде ұсынылған билеттердің ең үлкен және қол жетімді санаты;
- Премиум санатында лаунж аймағы қарастырылған, сондай-ақ екі баға сегменті бар. «Премиум» санатындағы билеттерді күндізгі және кешкі сессияларға қолдануға болады.
 
Билет құны 1000 теңгеден басталады. Сондай-ақ, күндізгі және кешкі сессияларға барлық күндерге аранлған пакеттік билет сатып алуға болады.
 
Турнирге билеттер үш кезеңмен сатылады:
 
Біріншісі-2022 жылғы 12-31 тамыз аралығында Қазақстан теннис федерациясының 30 жылдығына орай 30% жеңілдікпен (айырбастауға және қайтаруға жатпайды);
Екіншісі-2022 жылғы 1-18 қыркүйек аралығында;
Үшіншісі-2022 жылғы 19 қыркүйектен бастап 9 қазанға аралығында.

Билеттерді zakazbiletov.kz, ticketon.kz және kassir.kz сайттарынан онлайн түрде сатып алуға болады

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер