Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты

12.08.2022    Оқылғаны: 114
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонто (Канада) WTA-1000 турнирінің ширек финалына финалына шықты. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен күш сынасты. Бірінші партияда Путинцева 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сет барысында 2:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан бес геймді өз есебіне жазып, жеңісті жұлып алды – 7:5.

Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, тағы бір америкалық Джессика Пегуламен таласады. Ол үшінші айналымда жарыстың өткен жылғы чемпионы, әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиді жолдан тайдырды – 3:6, 6:0, 7:5.

Юлия жұптық сында да табысты өнер көрсетуде. Юлия америкалық Софья Кенинмен бірге доданың алтыншы ракеткалары, латвиялық Елена Остапенко – украиналық Людмила Киченокты 1:6, 6:1, 10:4 есебімен қапы қалдырып, ширек финалға өтті.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер