Гөзал Айнитдинова Өскемен жарысының ширек финалына шықты

12.08.2022    Оқылғаны: 134
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық Гөзал Айнитдинова Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open жарысының ширек финалына шықты.

Дүниежүзілік рейтингіде 587-орында тұрған Г. Айнитдинова екінші айналымда отандасы, әлемнің 491-ші, осы турнирдің 6-ракеткасы Жібек Құламбаевамен ойнады.

Бұл бәсекеде Гөзал 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Ертең, 12 тамыз күні Г. Айнитдинова жартылай финалға шығу үшін үндістандық Ашмита Эшварамуртимен таласады.

Жұптық сында Айнитдинова мен ресейлік Анна Кубарева ширек финалда күтпеген жерден ресейлік Полина Итченко - Беларусь өкілі Дарья Шаухаға есе жіберді – 2:6, 4:6.

Кешегі Өскеменде жауған жаңбырдың салдарынан кейбір матчтар бүгінге қалдырылды. Жібек Құламбаева жұптық сында ресейлік Екатерина Казионовамен бірге доданың жас жұлдыздары, қазақстандық Мәлика Әмірғалиева - қырғызстандық Владислава Андреевскаямен шеберлік байқасады. Жеңген жұп жартылай финалға шығады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер