Юлия Путинцева Торонто турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстандық Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 299-орында тұрған канадалық Кэтрин Себовпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда корт иесі басымдылық көрсетті - 6:3. Екінші сетте Юлия Путинцева есе қайырды - 6:2. Ол үшінші, шешуші партияны брейкпен тәмамдады - 7:5. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Юлия екінші айналымда әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Монреаль мастерс жарысының беташар ойынында америкалық Дженсон Бруксбиден ұтылып қалды - 2:6, 3:6.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.