Теннистен ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер Аргентина құрамасын ұтты

03.08.2022    Оқылғаны: 1441
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Простеев қаласында (Чехия) 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты (2022 ITF World Junior Tennis Finals) жалғасуда.

Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер 2016 жылғы әлем чемпионы – Аргентина құрамасын ұтты. Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак бұл жолы Бенджамин Челияға қарсы құраманың үшінші нөмірлі ойыншысы Даниэль Тазабековті шығарды. Бенджамин кеше 2021 жылғы әлем чемпионы Италиямен өткен матчта командасына маңызды екі ұпайды әперді. Әуелі жекелей, сосын жұптық бәсекеде ұтты. Тазабеков ойын тізгінін уысынан шығармай, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Содан кейін Заңғар Нұрланұлы Аргентина құрамасының көшбасшысы Данте Паганимен ойнады. Бірінші партияда Заңғар 6:2 есебімен басым түсті. Алайда қалған екі сетте аргентиналық теннисші сәтті өнер көрсетті – 6:1, 6:1. Матч тағдыры жұптық бәсекеде шешілді. Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Данте Пагани – Бенджамин Челияны тізе бүктірді – 6:1, 6:4.

Осылайша, қазақстандықтар қарсылас команданы 2:1 есебімен қапы қалдырды. Ширек финалға шығу үшін қазақстандықтар ертең Италия құрамасын жеңуі керек.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер