Елена Рыбакина Сан-Хосе турнирінде жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Сан-Хосе WTA-500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.
Бұл қазақстандық теннисшінің Уимблдон чемпионы атанғаннан кейінгі алғашқы матчы еді. Оның қарсыласы, әлемнің 12-інші, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткина да осал емес. Осыған дейін өзара екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Рыбакина матчты сәтті бастап, екі брейкпен бірінші партияны алды – 6:1. Алайда екінші сетте Касаткина 6:2 есебімен жеңді. Үшінші, шешуші партияда Касаткина 6:0 есбімен басым түсті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.