Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Эквадорға жол берді
Чехияның Простеев қаласында теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты өтуде.
Қазақстандық жасөспірімдер бастапқы матчын Эквадор құрамасымен өткізді. Бірінші кездесуде Дамир Жалғасбай Тито Чавеске есе жіберді - 4:6, 2:6. Заңғар Нұрланұлы Лукас Юнесті 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді - 1:1. Үшінші жұптық бәсекеде Заңғар мен Дамир Эмилио Камачо - Тито Чавестен айласын асыра алмады - 3:6, 3:6. Осылайша, 2:1 есебімен Эквадор жеңіске жетті. Бүгін, 2 тамыз күні қазақстандық жасөспірімдер Аргентина құрамасымен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.