Дамир Жалғасбай Германиядағы турнирдің финалына дейін жетті

26.07.2022    Оқылғаны: 1449
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Германияның Вайблинген қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы турнир мәресіне жетті.

Қазақстандық Дамир Жалғасбай финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Сава Рыбакинмен сынға түсті. Тартысты өткен бәсекеде ресейлік теннисші 7:6 (7:4), 4:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті. Германияның тағы бір қаласы - Дюренде 25 шілдеде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша супер жарыс басталады. Онда Қазақстан намысын әлемнің 14 жасқа дейінгілер арасында төртінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы, сондай-ақ Сәтима Төреген, Ариана Гогулина қорғайтын болады.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер