Жукаев пен Евсеев Президент кубогының ширек финалына шықты

21.07.2022    Оқылғаны: 934
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Елордада Бейбіт Жукаев пен Денис Евсеев Президент кубогы аясында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің ширек финалына шықты.

Ақтаудан түлеп ұшқан Жукаев екінші айналымда Израиль өкілі Даниэль Цукерманды 6:4, 5:7, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді. Үшінші, шешуші сетте Бейбіт тай-брейкте 0:4 есебімен ұтылып жатып, жеңіске деген жігерін таныта білді. Бейбіт жартылай финалға шығу үшін әлемнің бұрынғы 33-ракеткасы, өзбекстандық Денис Истоминмен таласады. Алматы теннис мектебінің түлегі Евсеев тартысты матчта жарыстың 6-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскийді жолдан тайдырды - 3:6, 6:2, 6:4. Денис ширек финалда бразилиялық Габриэль Декампспен шеберлік байқасады. Ол қазақстандық Михаил Кукушкинді ұтып кетті.

Әйелдер арасында ITF World Tennis Tour W60 додасында Жібек Құламбаева бастапқы кездесуін израильдық Шавит Кимчимен сәтті өткізді - 6:1, 1:6, 6:3. Жібектің келесі қарсыласы - оңтүстіккореялық На Ли Хань.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер