Командалық жарыста рейтинг шешуші рөл атқармайды - Ярослава Шведова

19.07.2022    Оқылғаны: 917
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қараша айында Шотландияның Глазго қаласында өтетін командалық әлем чемпионатына Қазақстан әйелдер құрамасы қатысады. Құрама капитаны Ярослава Шведова осы жарыстан не күтетіні жөнінде айтты.

Қазақстандықтар С тобында Ұлыбритания және Испания құрамасымен сынға түседі. Шведованың айтуынша, қай команда да осал емес.

«Ұлыбританиялықтар өз алаңында өнер көрсететіндіктен, барын салары сөзсіз. Испаниялықтар да мықты қарсылас. Дегенмен біздің құрам олармен иық теңестіре алады. Қарашаға дейін біраз уақыт бар, кімдердің баратыны жөнінде айтуға әлі ертерек. Қайткен күнде де күшті құраммен барып, топтан озып шығу ғана емес, әлем чемпионы болуды мақсат етеміз. Командалық жарыста рейтинг аса маңызды емес. Сондықтан кім-кімнің де табысқа жету мүмкіндігі бар. Ең бастысы, кім жақсы дайындалып, бабында барса, сол жеңеді. Біздің мақсатымыз да осы», деді Ярослава Шведова.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер