Қазақстанның жасөспірім теннисшілері Еуропадағы турнирлерде жеңімпаз атанды
Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Еуропадағы турнирлерде жеңімпаз атанды. Францияда Tennis Europe сериясы бойынша 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші санаттағы La Balle Mimosa Loire'Atlantigue жарысында жұптық сында қазақстандықтар үздік шықты. Ариана Гогулина мен Сәтима Төреген финалда доданың үшінші ракеткалары чехиялық Софья Хетлерова - украиналық Софья Криворучканы тізе бүктірді - 6:3, 7:6 (7:0). Бозбалалар арасында Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабековті жапониялықтар Рен Матцурума - Рио Табатаны 6:1, 3:6, 10:6 есебімен ұтып, чемпион атанды.
Тағы бір қазақстандық Аңсар Ниетқалиев жұптық сында Гданьск қаласында (Польша) 12 жасқа дейінгілер арасында өткен осындай турнирде жеңіс тұғырына көтерілді. Аңсар америкалық Камелот Карнеломен бірге жергілікті ағайындылар Войттарды 6:2, 2:0 (матчтан бас тарту) есебімен жеңді.
Грузияда 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors жарысында Іңкәр Дүйсебай жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді. Ол ұлыбританиялық Габби Паскауспен бірге қазақстандық Ульяна Романова - ресейлік Диана Хайдаршинадан айла асырды - 6:3, 6:4.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
24.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
21.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі