Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты

17.07.2022    Оқылғаны: 796
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған аустралиялық Джейсон Кублермен күш сынасты. Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын сақтай алды - 6:3. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:2. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бублик 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Қазақстандық теннисші финалда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салады.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер