Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты

16.07.2022    Оқылғаны: 134
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордадағы Ұлттық теннис орталығында ITF сериясы бойынша өтіп жатқан M25 турнирінің финалына шықты.

Жукаев жартылай финалда жарыстың екінші ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен шеберлік байқасты. Ақтау теннис мектебінің түлегі 2 сағат 6 минутқа созылған кездесуде 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 13 эйс жасап, 2 брейкке қол жеткізді. Бебіт елордадағы доданың финалында өзбекстандық Сергей Фоминмен бас жүлдені сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен бірге финалда эстониялықтар Даниил Глинка - Карл Саарға есе жіберді - 6:7, 3:6. 


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер