16 эйс жасаған Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың жартылай финалына өтті

15.07.2022    Оқылғаны: 827
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордада ITF сериясы бойынша өтіп жатқан W25 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жукаев ширек финалда жапониялық Имаи Шинтаромен кездесті. Ақтау теннис мектебінің түлегі тартысқа толы матчта 6:3, 4:6, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 2 сағат 40 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 16 эйс жасап, 1 брейкке қол жеткізді. Бейбіт Жукаев финалға шығу үшін үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен кезедеседі.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер