Юлия Путинцева Будапешт турнирінің жартылай финалына шықты

15.07.2022    Оқылғаны: 873
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Осы жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 97-орында тұрған украиналық Леся Цуренкомен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші бірінші партияда қарсыласына дес бермеді – 6:0. Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Цуренко матчты жалғастырудан бас тартты.

Юлия финалға шығу үшін әлемнің 105-ракеткасы, сербиялық Александра Круничпен таласады.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер