Қазақстан тарихында алғаш рет төрт төреші Үлкен дулыға турниріне қазылық етті

15.07.2022    Оқылғаны: 983
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстан тарихында алғаш рет төрт төреші «Үлкен дулыға» турниріне қазылық етті.

Меруерт Каукеева (Талдықорған), Юлия Игнатченко (Алматы), Борис Кравчук (Қостанай) және Владлена Саменкова (Ақтөбе) Уимблдон жарысында төрелік жасап, деңгейлерінің жоғары екендігін көрсете білді.

Борис пен Владлена іріктеу сайыстарында және жасөспірімдер турниріне қазылық етті. Ал Меруерт пен Юлия ерлер және әйелдер арасында жекелей сында негізгі додада төреші болды.

«Қазақстанда қазылықты дамыту бағдарламасы екі бағытта алға жылжып келеді. Бірі - жаңа кадрларды тарту жолымен семинарлар өткізу арқылы Ұлттық санат төрешілерін даярлау. Екіншісі - халықаралық семинарлар мен қазылық мектептер арқылы әлемдік деңгейдегі реферилерді тәрбиелеу.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер