Юлия Путинцева Будапешт турнирінің ширек финалына өтті
Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 125-орында тұрған бразилиялық Лаура Пегоссимен кездесті. Бірінші партияда Юлия 3:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласына есе жіберіп қойды - 4:6. Содан кейін ойын тізгінін өз қолына алды - 6:1, 6:2. Екі сағат 16 минутқа созылған кездесуде Путинцева 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.
Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 97-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен кезедеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.