Александр Бублик Ньюпорт турнирінің ширек финалына шықты

14.07.2022    Оқылғаны: 778
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Бублик бірден екінші айналымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған америкалық Джек Сокпен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Сок дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші партияда Александр матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.

Бір сағат 52 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. 

Бублик жүлде қоры 594 950 АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, ұлыбританиялық Энди Марреймен кезедеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер