
Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакина елге оралды
Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбі, 11 шілдеде Нұр-Сұлтанға келді. Елорда әуежайында спортшыны туыстары, достары, шенеуніктер, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері күтіп алды.
«Қазақстан сені мақтан тұтады», - деп жазылған плакатты ұстаған жас жанкүйерлерге теннисші қолтаңба қалдырды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары - қымыз бен бауырсақтан дәм татты.
Рыбакина сейсенбі, 12 шілде 15:00-де Нұр-Сұлтандағы The Ritz-Carlton-да журналистерге баспасөз мәслихатын өткізеді, содан кейін жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі.
«Мені қолдаған, осында келген баршаңызға алғысым шексіз. Ертең баспасөз жиыны өтеді, барлық сұраққа қуана жауап беремін. Келгендеріңізге көп рақмет!» - деді спортшы.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.