Анна Данилина Германиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

11.07.2022    Оқылғаны: 1304
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында Германияда өткен ITF W100 жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина нидерландылық Арианне Хортономен бірге жүлде қоры 100 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің бірінші ракеткалары ретінде тіркелді. А.Данилина мен А.Хортоно финалда үндістандық Анкита Райна – нидерландылық Ван Дер Хукпен бас жүлде үшін кортқа шықты. Қазақстандық-нидерландылық жұп тартысты бәсекеде 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті.
 
Анна жұптық сында 27-інші, биылғы маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді. Соның 26-сына Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген додаларда ие болды. Оған қоса жыл басында Анна бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сиднейдегі WTA 250 жарысында үздік шықты.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер